Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағандар сотталды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында терроризмді насихаттаған және экстремистік ұйымның қызметіне қатысу арқылы басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтар сотталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бас прокуратураның хабарлауынша, Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-исламдық қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан.
Дәл осы сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында «WhatsApp» және «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан.
«Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды», делінген хабарламада.
Үкімдер заңды күшіне енген.
