Ауа райы
1 мин оқу 73

Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

<p style="text-align: justify;">ҚазАвтожол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Алматы облысы:

3 наурызда сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығында (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін ) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 4 наурыз сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар 3 наурыз сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1474-2046 шақырым аралығы (Айтеке би а. - Бесарық а.).

Жолды 4 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Бөлісу:
Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді · Egemen Qazaqstan