Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шығады
<p style="text-align: justify;">Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden секілді әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды:
- I’m Your Baby Tonight – Уитни Хьюстон
- Without You, Dreamlover – Мэрайя Кэри
- Bleeding Love – Леона Льюис
- She Bangs — Рикки Мартин
- Crash and Burn – Savage Garden
- A New Day Has Come – Селин Дион
- You’re Not From Here – Лара Фабиан
- My Heart Will Go On – Селин Дион
Уолтер Афанасьев сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазды: Сұлу қыз пен құбыжық, Аладдин, Геркулес, Оққағар.
Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың Love's not over yet атты жаңа әнін ұсынады.
Премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасында жарияланады.
