Жарнама
 
Заң
1 мин оқу 50

«Жетісу» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

<p style="text-align: justify;">Талдықорған қалалық соты &laquo;Жетісу&raquo; футбол клубының&raquo;&nbsp; экс-директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жетісу» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Залалдың толық өтелуіне және сотталушының ауыр сырқатының болуына байланысты Донсебаев 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Сонымен қатар, енді ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өмір бойы қызмет атқара алмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үкімнің заңды күшіне енгенін мәлімдеді.

Бөлісу:
«Жетісу» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды · Egemen Qazaqstan