Жаңалықтар
1 мин оқу 290
Елбасының апталық кестесі
11 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады.Бөлісу:
