Оқиға
1 мин оқу 60

Жаңаөзенде мешіт өртеніп, жасөспірім зардап шекті

<p style="text-align: justify;">6 наурыз сағат&nbsp;17.54-те Жаңаөзеннің Шаңырақ шағын ауданындағы мешіттен өрт шыққан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңаөзенде мешіт өртеніп, жасөспірім зардап шекті

Дәліздегі кілемнің 40 шаршы метр алаңы тұтанып, өрт 350 шаршы метр алаңға тараған. Құтқарушылар қызыл жалынды 18: 10-да толық сөндірген. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрттен 2013 жылы туған бала зардап шеккенін хабарлады. 

lada.kz-тің хабарлауынша, баланың екі құлағы, беті, мойыны, екі қол, бел аймағы және жоғарғы тыныс жолдарын I-II-III дәрежелі термиялық күйік шалған. Денесінің 15-17% зақымданып, ауруханаға жатқызылған. 

Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасынан қазір баланың жалпы жағдайы ауыр деп бағалап отыр. Сондай-ақ, шокқа қарсы инфузиялық терапия жүргізілетінін де мәлімдеді.

Бөлісу:
Жаңаөзенде мешіт өртеніп, жасөспірім зардап шекті · Egemen Qazaqstan