Әйел әлемі
1 мин оқу 260

Қазақтың алғашқы дәрігер қызы

<p style="text-align: justify;">Аққағаз Досжанова &ndash; Мәскеуде бiлiм алған қазақтың алғашқы дәрiгер қыздарының бiрi.&nbsp;</p>

Қазақтың алғашқы дәрігер қызы

Аққағаз Досжанованың өмір сүрген ХХ ғасырдың бас кезі дәрігер мамандардың тым тапшы заманы еді. Сондықтан жас дәрігер терапевт, акушер-гинеколог, дерматолог секілді медицинаның бірнеше саласын қатар алып жүрді.

Дәрігерлік біліктілігімен қоса Аққағаз Досжанованың қайраткерлік қасиеті де мықты болған-ды. «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» тәрізді журналдарда жазбалары жарияланып тұрды.

Сондай-ақ, бірінші Дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы жүз мыңдаған адамның өмірін қиып, мыңдаған бала жетім қалды. Сонда қаһарман қыз жетімдерді балалар үйлеріне орналастырып, оларды емдеумен де айналысты.

Бөлісу:
Қазақтың алғашқы дәрігер қызы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар