Оқиға
1 мин оқу 70

Шымбұлақтағы қар көшкініне шаңғышылар себепші болған

<p style="text-align: justify;">10 наурыз күні сағат 9:58-де Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы Школьник тауында, Комби 2 арқан жолы ауданында қар көшкіні болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымбұлақтағы қар көшкініне шаңғышылар себепші болған

Тау шаңғысы курортының әкімшілігінің мәліметінше, көшкін қауіпсіздігі қызметі сағат 9:17-де қар жамылғысының төзімділігін тексеріп, Комби 2 арқан жолының ашылуын растаған. Барлық трассадан тыс сырғанау аймақтары арнайы торлармен қоршалып, «Көшкін қаупі бар», «Жабық», «Өтуге болмайды» деген ескерту белгілері қойылған.

Алайда, алдын ала мәлімет бойынша, үш шаңғышы осы белгілерді елемей, қоршаудан шығып, қауіпті аймаққа өтіп кеткен. Нәтижесінде қар көшкіні жүріп, құтқару қызметі дереу оқиға орнына жеткен. Іздеу шаралары барысында зардап шеккендер мен құрбандар жоқ екені анықталған.

Қазіргі таңда курорттың қауіпсіздік қызметі ережені бұзған шаңғышыларды анықтап, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Шымбұлақтағы қар көшкініне шаңғышылар себепші болған · Egemen Qazaqstan