Виктория Графеева грек боксшысын нокдаунмен жеңді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде 50 келідегі Алуа Балқыбекова екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы ТСМ Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Отандасымыз 1/8 финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері, марокколық Ясмин Мутакиді 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.
Ал Виктория Графеева әлем чемпионатын өте сенімді бастады
60 келіде дүбірлі додада дебют жасаған отандасымыз 1/8 финалда Грекия спортшысы София Легакиден бір бас жоғары өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті.
63 келіде ел намысын қорғаған Аида Әбікеева 1/8 финалда Қытай спортшысы Шиоио Жуды 5:0 есебімен жеңді.
