Доллар бағамы көтерілді
<p style="text-align: justify;">Еліміздің қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Доллар бағамы 0,71 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 489,15 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490 теңге. Еуро 531 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 495 теңге, сатып алу құны — 489 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,57 - 5,72 аралығында саудаланып жатыр.
