Сэнфордтағы сәйкестік

<p style="text-align: justify;">&laquo;Құдіретті Брюс&raquo; фильмінде басты кейіпкер Құдаймен 776-2323 нөмірі арқылы байланысады. Фильмнің оқи&shy;ға&shy;сы өтетін Буффало қаласында бұл нөмір бос болғанымен, басқа өңір&shy;лерде нақты адамдарға тиесілі еді.</p>

Сэнфордтағы сәйкестік

Көрермендер Құдаймен сөйле­суді қалағандықтан ба, әлде жай қызығу­шы­лықтан ба – осы нөмірге жаппай қоңырау шала бастады. Ең ерекше жағдай Солтүстік Каролина штатының Сэнфорд қаласында болды. Себебі бұл нөмір жергілікті шіркеуге тиесілі болып шықты. Фильмнен кейін шір­кеу қызметкерлері аяқ астынан жүздеген қоңырау қабылдауға мәжбүр болды. Осы күт­пеген жағдайдан кейін фильмнің DVD нұсқасында нөмірді 555-0123 деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Себебі 555 бастамасы АҚШ-та тек ойдан шығарылған телефон нөмірлері үшін қолданылады.

Бөлісу:
Сэнфордтағы сәйкестік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар