Қоғам
1 мин оқу 50
Шымкент – Сеул жаңа әуе бағыты ашылады
<p style="text-align: justify;">Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруда тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы «Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.
Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі.
Бөлісу:
