Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 60
Жасанды жүрек
<p style="text-align: justify;">Аустралиялық дәрігерлер әлемде алғаш рет науқасқа толыққан­ды жасанды жүрек орнатты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі ­хабарлады.</p>

Технологияны аустралиялық ғалым Дэниел Тиммс ойлап тапқан. Оның айтуынша, бұл – адам жүрегін толық алмастыра алатын алғашқы құрылғы. Күрделі операция өткен жылдың қарашасында Сиднейдегі Сент-Винсент ауруханасында жасалып, алты сағатқа созылған. Жақында науқас емханадан шығарылды. Енді ғалымдар жасанды жүректі ағза алмастыру саласында тұрақты қолдануды жоспарлап отыр.
Бөлісу: