Пікір
2 мин оқу 60

Мемлекеттік тіл ғылым тіліне айналуы керек

<p style="text-align: justify;">Қоғам Ұлттық құрылтайдың нәтижелерінен зор үміт күтеді. Себебі бұған дейін үш мәрте өткен құрылтайдың бәрі бұл мінбердің шын мәнінде мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналып, тиімді дәнекер болғанын дәлелдеді.</p>

Мемлекеттік тіл ғылым тіліне айналуы керек

Бұған дейінгі құрылтайларда көтерілген мәселелер мен баста­маларға қатысты тиісті шешімдер, заңдар қабылданып, түрлі тың жобалардың дүниеге келгенін көзбен көрдік. Сондықтан да бұ­қара мемлекеттік деңгейдегі бұл жиынға үлкен үміт артып, қандай елдік мәселелер талқыға түсерін жіті қадағалап отыр.

Мәселен, біздің халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүше­лері өткен аптада арнайы жиын өткізіп, құрылтай мүшесі ретінде бізге бірнеше бастаманы аманаттап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін құрылтай мінберінен жеткізуді сұрады. Біріншіден, мұның барлығы – құрылтайға деген үлкен сенім­нің нәтижесі. Екіншіден, құрылтай өзінің міндетін өте тиімді атқарып жатқанының айғағы. Сол себепті  Бурабайдың төрінде өткен бүгінгі құрылтай да білім, ғылым, мәде­ниет, әлеумет салаларының дамуы­на, ауылдың көркеюіне, түрлі ба­ғыттағы мақсат-міндеттеріміздің дер уағында іске асуына өз септігін тигізері сөзсіз.

Құрылтай мүшелері ел-жұрт­ты алаңдатқан басты проблема­лар­ды көтеріп, халықтың көкейіндегі ұсы­ныстарды күн тәртібіне енгі­зуі ке­рек. Мәселен, «Қазақ тілі» қо­ға­мы өкіл­дері қазақ тілін ғы­лым­ тілі­не айналдыру ұсы­ны­сын жет­кі­зуді сұрады. Мемлекеттік тіл ғы­лым тілі­не­ айналмай, оның қолданыс аясы кеңімейді. Тілдің болашағын ойлайтын болсақ, ғылыми жұмыстар мемлекеттік тілде қор­ға­луы керек. Қазір техни­ка­лық ғы­лымдар саласында мем­ле­кеттік тіл­дегі оқулықтардың жетіс­пеу­ші­лігін көріп отырмыз. Демек нақ­ты қадамдар жасап, ғылыми еңбек­тер­дің қазақ тілінде жазылып, қор­ға­луына бастамашы болуға тиіспіз.

Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болашақ мамандарға арналған қажетті оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды мемле­кет­тік тілде шығару ұсынысы Ұлттық құ­рыл­тай тарапынан қолдау табарына сенгім келеді.

Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ,

«Қазақ тілі» қоғамының президенті 

Бөлісу:
Мемлекеттік тіл ғылым тіліне айналуы керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар