Қылмыс
1 мин оқу 95

Қарағандыда полиция қызметкері қаза болды

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда оқу-жаттығу барысында полиция майоры қаза болды. Тәртіп сақшысы жазатайым оқ тиіп, көз жұмған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда полиция қызметкері қаза болды

Әзірге оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат жоқ. Алайда, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өзінің ресми парақшасында марқұмның туғандарына көңіл айтып, хабарлама жариялады.

– Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері Алдан Әлиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, – деп жазды еліміздің бас полицейі.

Қарағанды облысы Полиция департаменті де қаза болған әріптесінің туғандарына көңіл айтып, полиция майоры Алдан Әлиев жазатайым оқиға салдарынан көз жұмғанын хабарлады.

– Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы, оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан, Полиция департаменті Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Әлиев Алдан Жұмажанұлының жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қарағандыда полиция қызметкері қаза болды · Egemen Qazaqstan