Бокс
1 мин оқу 70

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қалай өтті

<p style="text-align: justify;">9 наурызда басталған әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері күні кеше анықталды. 51 мемлекет өкілдері бақ сынаған бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы үздіктер қатарынан табылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қалай өтті

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан құрамасының арулары әлем чемпионаты барысында 35 жекпе-жек өткізіп (Еуропа - 16, Азия - 10, Африка - 4, Оңтүстік Америка - 2, Солтүстік Америка - 2, бейтарап - 1), оның 26-сында жеңіске жеткен.

2 жекпе-жекте жеңіс автоматты түрде отандастырымызға берілген.Қазақстан әйелдер құрамасы үш алтын, екі күміс, бір қола медельмен Ресейден кейін екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті 1 алтын, 2 күміс, екі қоламен түркиялық қыздар түйіндеді. 

Сербияның Ниш қаласында өткен халықаралық додаға Қазақстан және Өзбекстан құрамалары ғана барлық салмақта 12 боксшысын жарысқа қосты. Айта кетейік, әлем чемпионатында көрші ел құрамасы 1 күміс, 3 қола жүлде еншіледі. 

Тартысты бәсекелерден соң Қазақстан әйелдер құрамасында тарихи нәтиже тіркеді. Мәселен, 48 келіде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай Қазақстан бокс тарихындағы алғашқы 3 дүркін әлем чемпионы атанып, әр әлем чемпионатында Қазақстан әнұранын бірінші болып шырқатқан боксы болып отыр.

Әлем чемпионатына алғаш қатысқан 3 боксшымыз жүлдегерлердің қатарына кірді.

Сайыстың жүлде қоры:

1-орын - 100 мың АҚШ доллары
2-орын - 50 мың АҚШ доллары
3-орын - 25 мың АҚШ доллары
Ширек финалистер - 10 мың АҚШ долларын құрады.

Бөлісу:
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қалай өтті · Egemen Qazaqstan