Тағзым
1 мин оқу 50

Дарабоз тарихшы дәріптелді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық академиялық кітапханада тарихшы-академик Кеңес Нұрпейісұлының 90 жылдығына орай &laquo;Дарабоз тарихшы&raquo; атты халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі өтті.</p>

Дарабоз тарихшы дәріптелді

Алқалы жиын тұл­ғаның тарих ғылы­мының дамуына, Алаш қоз­ғалысы тарихын зерт­теуге қосқан үлесін және оның өмірі мен қызмет жолын те­реңірек таныстырып, насихаттауды мақсат етеді. Іс-шара аясында кітапханада «Кеңес Нұрпейісұлы – 90 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Рухани жиынға модераторлық еткен Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған ғалымның ХХ ғасырдағы Алаш тарихын зерттеуге қосқан үлесіне жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ Ұлттық акаде­мия­лық кітапхананың басшысы Күміс Сейітова 2017 жылы кітапхана қорына қайрат­кердің туыстары жеке кітап­ханасынан 3 193 дана кі­тап сыйға тартқанын, барлық ең­бегі электрондық катологке енгі­зілгенін айтып, дөңгелек үстел жұ­мы­сына сәттілік тіледі.

Онлайн және оффлайн фор­матындағы іс-шараны ака­де­миялық кітапхана Мемлекет тарихы инс­титутымен берлесіп өткізгенін айта кеткен жөн.

Жиын барысында Алашорда үкіме­тінің қалыптасуы, тарихи жад және Кеңес Нұрпейіс­ұлының ғылыми мұрасы, ХХ ға­сырдағы Қазақстан тари­хын зерттеудегі қазіргі ұстанымдар та­қырыптары ке­ңінен талқыланды. Дөң­гелек үс­тел­ге онлайн қатысқан Қырғыз Республикасы Дип­ломатиялық академиясының вице-президенті Зайнидин Құрманов, Мырза Ұлық­бек атындағы Өзбекстан Ұлттық уни­верситетінің профессоры Замира Ишан­ход­жаева, PhD Рафис Абасов және отандық ғалымдар саналы ғұ­мырын ұлт тарихына, Алаш қай­раткер­лерінің тұлғасын терең зерттеу­ге арнаған көрнекті ға­лым­ның ғылыми және тұл­ғалық болмысына тоқталды.

Дөңгелек үстелге Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, жоғары оқу орын­дарының профес­сорлық оқытушылар құрамы, докторант­тар, магистранттар, студенттер, кітап­ханашылар мен БАҚ өкіл­дері қатысты. 

Бөлісу:
Дарабоз тарихшы дәріптелді · Egemen Qazaqstan