Намысқой Ламборгини

<p style="text-align: justify;">Ферруччо Ламборгини &ndash; трактор шығарып, ауыл шаруашылығы тех&shy;&shy;&shy;&shy;ни&shy;&shy;&shy;ка&shy;сын дамытумен айналыс&shy;&shy;қан&shy; кәсіпкер еді. Намысына тиген бірауыз сөз оны әлемге танымал тұлға&shy;ға айналдырды.</p>

Намысқой Ламборгини

Бір күні Л.Ферруччо «Ferrari» көлігін сатып алып, оның қозғалтқышындағы кем­ші­ліктерді байқайды. Өзі де техниканы жақсы білетін Ламборгини көліктің ақау­ларын жөндеу бойынша ұсынысын біл­ді­р­­мек болып, Энцо Феррариге жолы­ға­ды. Алайда Феррари оның пікірін елемей: «Сен трактор жасаумен айналыса бер!», деп менсінбей жауап береді. Осы сөз­ Ламборгинидің намысын оятып, ол «Ferrari»-ге бәсекелес боларлықтай көлік шығаруға бел буады. Нәтижесінде, «Lamborghini» компаниясы құрылып, бүгін­де әлемдегі ең танымал, ең жылдам спорт­карларды шыға­ратын брендке айналды.

Бөлісу:
Намысқой Ламборгини · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар