Заң
1 мин оқу 41

Қызметтік иттер 100-ден астам есірткі қылмысын анықтаған

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың екі айында қызметтік иттер&nbsp;600 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 48 килограмм синтетикалық есірткіні анықтап, таралуының алдын алды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызметтік иттер 100-ден астам есірткі қылмысын анықтаған

Қазіргі уақытта ІІМ кинологиялық бөліністерінің қызметкерлері «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында елдің барлық аумағында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. 

СҚО-да рейд кезінде жолда тоқтатылған автокөліктен Виола лақап атты қызметтік-іздестіру иті 30 грамнан асатын мефедрон есірткі затын тапқан. Ал ұсталған адам есірткі жасырушысы болып шыққан.

Осыған ұқсас жағдай республикалық маңызы бар Алматы - Астана автожолында болған. Онда полиция қызметкерлері тексеру үшін көлікті тоқтатып, тексеру барысында Тея қызметтік итінің көмегімен жалпы салмағы 11 килограмнан асатын гашиш есірткісі тәркіленген.

Бөлісу:
Қызметтік иттер 100-ден астам есірткі қылмысын анықтаған · Egemen Qazaqstan