Абай облысында Наурыз мерекесі кезінде төрт жастағы бала жоғалып кетті
<p style="text-align: justify;">Абай облысында Наурыз мерекесін атап өту кезінде жоғалған төрт жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Мерекелік шаралар барысында полиция сержанты Архат Фархатұлы жалғыз жүрген кішкентай баланы байқап, бірден жағдайды бақылауға алған.
«Архат бейжай қалмай, баланың ата-анасын іздеуге кірісті. Полицейлер оны жақын арада тауып, отбасына қайтарды. Бала дін аман, өздерін жақсы сезініп тұр. Ата-анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көмегі үшін алғыс айтты», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары мерекелік іс-шараларда балаларға мұқият болуды және оларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
