Әлем
1 мин оқу 80

Түркияда наразылық шаралары жалғасып жатыр

<p style="text-align: justify;">Ыстанбұлдағы халық қарсылығына байланысты жергілікті соттар 55 адамды қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Түркияда наразылық шаралары жалғасып жатыр

Halk TV телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, қамауға алынғандардың арасында AFP тілшісі Ясин Акгюль, Now News фототілшісі Әли Онур Тосун, Ыстанбұл әкімдігінің фототілшісі Куртулуш Ары және өзге де журналистер бар.

«Үйлерді тінту барысында наразылық шараларына қатысқан 206 адам ұсталды. Ал прокуратура олардың қамалуын талап етті. Тергеу аяқталған соң 55 адам әлемдік қылмыстық соттар арқылы қамауға алынды»,  делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, 23 наурызда Ыстанбұлдың қылмыстық соты қала әкімі Экрем Имамоглуны қамауға алған болатын. Оған жемқорлық пен Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қолдау көрсетті деген айып тағылған. Қала басшысы ұсталған соң орталық көшелерде қауіпсіздік шараларына қарамастан жаппай наразылық шаралары басталды.

Бөлісу:
Түркияда наразылық шаралары жалғасып жатыр · Egemen Qazaqstan