Оқиға
1 мин оқу 82
Атыраудағы ірі жол апатынан үш адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам қаза тапты. Жантүршігерлік жағдай 26 наурыз күні таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 575 шақырымында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан бірнеше адам ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем қызметінің көмегімен зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, жарақат алғандардың бірі жабық сүйек жарақатын алып, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тасжолда қозғалыс ішінара шектелген.
Бөлісу:
