Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 28 наурызда, еліміздің бірқатар өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жауып, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республикамыздың шығысында, оңтүстік шығысында, орталығында жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік шығыста тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл өңірінде солтүстік-шығыстан соққан дауылды жел 30 м/с жылдамдықпен ұйтқып, кей сәттерде одан да қатты үдей түсуі мүмкін. Ал оңтүстік пен батыста тұман түсіп, көру мүмкіндігін шектемек.
Астанада күн ала бұлтты, күндіз ауа температурасы +7,+9°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +6+8°C, желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні 15 м/с-ге жетеді.
Шымкентте күндіз ауа температурасы +10+12°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
