Қоғам
1 мин оқу 90
Шерзат ісіне қатысты сот қашан және қалай өтеді?
<p style="text-align: justify;">Алматы облысының соты атышулы іс бойынша сот отырысы қашан басталатынын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі. </p>

Ресми мәліметке сәйкес, іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуір сағат 12:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, №65 мекенжайында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді.
- Ашық сот отырысының өтуі тағайындалды, - деп хабарлады облыстық сот.
Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болған еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырды.
Бөлісу:
