Жәдігер
1 мин оқу 40

Өлке музейіне – халық әртісінің мұрасы

<p style="text-align: justify;">Арқалық далалық өлке музейінде Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевтың жеке құжаттары тапсырылды. Осыған орай мұражайда шағын жиын өтіп, ұлттық кино, театр өнерінде өшпес белгі қалдырған дарын иесі туралы естеліктер айтылды.</p>

Өлке музейіне – халық әртісінің мұрасы

Еске алу кешіне мар­құмның туыстары, ұрпақтары, зия­лы қа­уым өкілдері, өлке­тану­шы­лар, тарих­шылар, студент жас­тар, Астана, Қостанайдан арна­йы келген меймандар қатысты.

Тағылымды кеште қала әкімі Әмірхан Асанов, көнекөз қария Тұрысбек Ізтілеуов, Шөптібай Бәйділдин, Бораш Әбенов, жергілікті қазақ жас­өспірімдер театрының бас режиссері Ербол Әбжалов сынды зия­лы қауым өкілдері өнер саңлағының өмірі мен адами болмысы жайында әңгі­ме өрбітті. Театр әртісі, мәде­ниет қайраткері Ораз Нұр­ғали әйгілі «Гауһар тас» әнін нақы­шына келтіре орындап берді.

ап

Әнуар Боранбаевтың жеке құжат­тарын кәсіпкер Марат Якупов музей басшысына табыс етті.

«Осы уақытқа дейін облыс музей­лерінде Әнуар ағамыздың суреттері көрі­ніс беріп қал­ға­ны­мен, еш­бірінде жеке заттары жоқ екен. Сондықтан бү­гін­­де бү­тін қазақтың мақта­ны­­­­шына айналған өнер май­­­тал­­­манының алақан ізі қал­ған құн­ды дүние­лердің музей қорына тапсырылуын өңір руханиятындағы елеулі жаңалық деп айтуға болады. Бұл құ­жаттар халық батыры Аман­­гелді Имановтың алмас қан­жары, халық ақыны Нұрхан Ахмет­­бековтің қара домбырасы сияқ­­ты құнды мұралармен бірге музей төрі­нен орын алып, ұлт­тық мәде­ниетімізді байытып тұра­тын болады», дейді музей дирек­торы Рауан Терек.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Өлке музейіне – халық әртісінің мұрасы · Egemen Qazaqstan