Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан көп өңірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда жаңбыр жауады.
Сондай-ақ, еліміздің бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман түседі. Ал оңтүстік-батыста найзағай күтіледі.
Астанада күн ала бұлтты. Күндізгі температура +15…+17°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматыда күндізгі температура +21…+23°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ал Шымкентте күндізгі температура +24…+26°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
