Республика бойынша 23 мыңнан астам мопед тіркелген
<p style="text-align: justify;">5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құқық бұзушылықтардың алдын
алу үшін еліміздің жолдарында полицейлер азаматтарға жаңа талаптар мен ережелерді белсенді түрде түсіндіріп жатыр.
Тәртіп сақшылары мопед иелеріне арнайы ХҚКО-ға барып, көлік құралдарын тіркеу және тиісті құжаттарды алу керек екенін ескертіп отыр.
«Бүгінде республика бойынша 23 мыңнан астам мопед тіркелген. Заңға сәйкес оларды тек А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана басқаруға болады.
Бұл талап жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және екі доңғалақты көліктердің қатысуымен болатын апаттардың санын азайтуға көмектеседі», делінген ІІМ хабарламасында.
