Зағип суретші

<p style="text-align: justify;">Джон Брамблитт бала күнінен бері сурет салғанды ұнатқан. Алайда 20 жасында ауыр дертке шалдығып, мүлде көрмей қалады. Дәрігерлер көру қабілеті қайта қалпына келмейтінін айтса да, үмітін үзбеген.</p>

Зағип суретші

Джон бояулардың құрылымын, қою­лығын саусақпен сезіп, түстерді арнайы Брайль жүйесіне ұқсас белгілермен анық­тауды үйренген. Осылайша, сурет салуды жанарсыз-ақ жалғастыра берген. Қазір оның туындылары әлемнің бірнеше елін­де көрмеге қойылған. Джонның өзі: «Мен көзіммен емес, жүрегіммен көремін» дейді.

Бөлісу:
Зағип суретші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар