Басылым
2 мин оқу 163

Мемлекетшілдікті дәріптеген қос жинақ

<p style="text-align: justify;">Астанада мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың &laquo;Қазақтың Қонаевы&raquo; және &laquo;Отыз жыл&shy;дың ой-тол&shy;ғауы&raquo; атты кітап&shy;тарының тұсаукесер рәсі&shy;мі өтті. Жаңа туын&shy;ды&shy;да автор өзі куә болған естелік&shy;тер&shy;ді баяндап, кеңестік тұс&shy;&shy;тағы әділетсіздіктер мен қайшы&shy;лықтар туралы толғамды &shy;ойларымен бөліскен.</p>

Мемлекетшілдікті дәріптеген қос жинақ

«Қазақтың Қонаевы» – ұлтымыз­­­дың дара перзенті Дінмұхамед ­Қонаев­­­­­тың ұзақ жылдар ұлт мүдде­сіне сай ат­­қар­­ған қайраткерлік еңбе­гіне арна­­­ла­ды. Қуаныш Сұлтанов­тың ес­те­­­лікте­рін­де тарихи оқиғалар мен тол­­­қулы сәттер баян­далады. Одақ­тық үстем­­дік жағ­­­­дайындағы әділет­сіздіктер мен ­қай­­­­­­ш­ы­лықтар сарапталып, қара­­па­­йым тіл­­мен оқушы назарына ұсынылады.

Қуаныш Сұлтанов пен журналист Гүлсім Еңсепованың «Отыз жылдың ой-толғауы» атты сұхбаттарына бас­ты құндылық – тәуелсіздік жайы, оны қастерлеу, ұлттық қауіпсіздігіміз­ді күшейту, еліміздің дүниежүзі­лік қоғам­дастықтағы, халықаралық беделі­нің өсуі, ел тұрмысының сапасын көтеру сын­ды маңызды мәсе­лелерді арқау еткен. Сұхбат нақты деректерге сүйене оты­рып, жеңіл әңгіме түрінде баяндалады.

Алқалы жиынның тізгінін ұста­ған мемлекет және қоғам қайраткері  Дархан  Мыңбай толымды еңбектің ­тарихи маңызды тұстарына тоқталды. Сол дәуір­дің бейнесін зерделейтін деректер есте­ліктермен өріле сурет­телетінін айтты.

Әдеби іс-шарада сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Қуаныш Сұлтанұлы­ның ­ел өркендеуі мен игілігі жолында атқар­ған келелі істерін атап өтіп, жинал­ған­дарға ақ батасын берді.

Сондай-ақ Президент кеңесшісі, ­академик Бауыржан Омаров қос жи­нақ­тың ұлт­тық мүдде, елдік мақсат ­жо­лында қан­дай маңызға ие екенін тілге тиек етті.

Ал мемлекет және қоғам қайрат­­кер­лері Әділ Ахметов тарих парақ­тары­нан сыр шерткен мұндай туын­дылар­дың жарыққа шығуы, ең алдымен еге­мендіктің арқасы екенін атап өтті.

«Қос жинақты парақтап отырып мынадай ой түйдім. «Кез келген ір­гелі мем­лекеттік тұлға – сол өзі өмір сүр­ген дәуірдің айнасы». Осы сөзді Қуаныш Сұлтанұлына да айтар едік. Сол заманның бейнесі кітап болып шыққан осы естеліктерде тұр. Ең бас­тысы, сындарлы кезеңнің сырын ақ­тарған осындай еңбектің жазылуы – ел егемендігінің арқасы. Тәуелсіздігіміз болмаса, мұндай азат ойлы пікірлер ашық жарияланбас еді», деді Әділ Ахметов.

Бұдан бөлек Қырымбек Көшер­баев, Абай Тасболатов, Махмұд Қасымбеков, Сайлау Батыр­ша­ұлы, Мирболат Жақыпов, Ералы Тоғжанов сынды бел­гілі тұлғалар да жаңа туынды хақын­дағы толымды ойларымен бөлісіп, естеліктерін
айтты.

Рухани іс-шараға зиялы қауым өкі­л­­дері, мемлекет және қоғам қай­рат­­керлері мен депутаттар қатысты.   

Бөлісу:
Мемлекетшілдікті дәріптеген қос жинақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар