Махмұд Сабырхан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Астанада ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды. Тарихи кеште Жәнібектен бөлек, 7 отандасымыз шаршы алаңда бақ сынайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Соның бірі Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шықты.
Оның қарсыласы вьетнамдық - Данг Дак Хайнх. Отандасымыз алғашқы раундта техникалық нокаут тіркеді. Екінші раунд та Махмұдтың айқын басымдығымен өрбіп, қарсыласын екі рет нокаутқа жіберді. Осыдан кейін төреші шешімімен жекпе-жек тоқтатылды.
Осылайша, Махмұд та кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен түйіндеді.
Жерлесіміз бірінші бекітілген қарсыласы колумбиялық былғары қолғап шебері жекпе-жекке таяу қалғанда бас тартқанын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін 19 жастағы Төрехан Сабырхан кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңісті өз еншісіне жазған болатын.
