Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 370

Батыр Жүкембаев қарсыласынан ұпай санымен басым түсті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Барыс арена шаршы алаңындағы бокс кешінде бақ сынаған Батыр Жүкембаев қазақстандықтардың жеңіс жолын жалғады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Батыр Жүкембаев қарсыласынан ұпай санымен басым түсті

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) – ұлыбританиялық Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) жұдырықтасты. 

10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Батыр Жүкембаевтың қолы көтерілді.

Тартысты айқастан кейін спортшы жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Астана төріндегі жекпе-жек мен үшін ерекше, себебі менің бүгін туған күнім. Келіп қолдаған халқыма ризамын. Әрдайым бір- бірімізді қолдайық», деді Б. Жүкембаев.

Бөлісу:
Батыр Жүкембаев қарсыласынан ұпай санымен басым түсті · Egemen Qazaqstan