Денсаулық
1 мин оқу 120

Бүгін дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

<p style="text-align: justify;">7 сәуір &ndash; Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн әлемдік қауымдастықтардың назарын денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін дүниежүзілік денсаулық сақтау күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  бастамасымен жыл сайын аталып өтетін бұл күннің мақсаты – халықтың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Елімізде де бұл бағытта ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде 500-ден астам алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары салынды. Бұл ауылдық жерлердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық жол картасы әзірленді. Бұл құжат халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыруға және саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін 30%-ға дейін жеткізуге бағытталған.

ДДҰ мәліметіне сәйкес адам денсаулығының 50%-ы ұстанатын өмір салтына байланысты. Сондықтан зиянды әдеттерден бас тартып, белсенді өмір сүру, дұрыс тамақтану және стресстік жағдайлардан аулақ болу – әрбір азаматтың өз қолында.

Бөлісу:
Бүгін дүниежүзілік денсаулық сақтау күні · Egemen Qazaqstan