Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 70

Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық сейсмологтар ошағы Атырау облысында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегінше, жер асты дүмпуі 10 сәуірде 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсарыдан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3, ал энергетикалық класы - 9,1.

«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ», делінген хабарламада. 

Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Бөлісу: