Қазақстан мен Кипр сотталғандарды беру туралы келісімге келді
<p style="text-align: justify;">Сенат депутаттары Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Келісімге өткен жылдың наурыз айында Астанада қол қойылған.
«Келісімге сәйкес тараптар бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандарды жазасын немесе оның қалған бөлігін өз елінде өтеуді жалғастыру үшін бір-біріне беруге міндеттелді. Бас прокуратура Қазақстаннан сотталғандарды беру туралы шешімдерді орындауға жауапты орган болып белгіленді», деді сенатор Советбек Медебаев.
Сонымен қатар, егер сотталушы сот шешімі бойынша залалды өтемеген болса, сондай-ақ егер бұл адамға қатысты үкім шығарған елде қылмыстық қудалау жүргізіліп жатқан жағдайда, ол үкім шығарған елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне зиян келтіруі мүмкін болса, беруден бас тартуы мүмкін.
