Пікір
2 мин оқу 40

Жол бар жерде даму бар

<p style="text-align: justify;">Биылғы наурыз айында Бура&shy;бай&shy;да өткен Ұлттық құрыл&shy;тайдың төртінші оты&shy;рысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кө&shy;терген мәселелер мен жа&shy;рия&shy;&shy;лаған ше&shy;шім&shy;дерді халқымыз ерекше ықыласпен қабыл алды. Соның ішінде Мемлекет басшысы Үкіметке Орта&shy;лық &ndash; Ба&shy;тыс авто&shy;&shy;мобиль жолын бастауды тапсырғанының саяси-әлеу&shy;&shy;мет&shy;тік және экономикалық тұрғыдан маңызы зор.</p>

Жол бар жерде даму бар

Мұн­дай магистраль құрылысы өңірлердің қарқынды дамуына үл­к­ен мүмкіндік туғызып, тың серпін беретін кешенді жоба болғалы тұр. Бұл жоба іске асырылса, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақ­стан,Қос­та­най облыстарындағы шалғай ауылдардың өсіп-өркен­деуіне жол ашылады, жаңа өндіріс нысандары құрылып, тұрғындарды жұ­мыс­пен қамту жақсартылады. Түптеп келгенде, бұл халықтың әл-ауқа­тын арт­тыруға, тұрмыс жағдайын түзеуге оң ық­палын тигізеді. Әсі­ресе туып-өскен жеріміз Торғай өңірінің екінші тынысы ашылары сөзсіз.

Осы жағымды жаңалықты торғайлықтар көптен күткен оң өзге­ріс­тердің жарқын да жасампаз бастамасы ретінде қабылдап, еңсесі көте­рі­­ліп, қуанышы қойнына сыймай жатыр. Ең бастысы, жол бар жер­де даму бар, келешек бар. Мұны халық жақсы түсінеді. Үкімет Орта­лық – Батыс жол құрылысын тездетіп, қажетті іс-шараларды биыл бас­тауға міндеттеніп отыр. Міне, сол күнді жерлестеріміз тағат­сыздана күтеді.

Біз ұлт тарихында ерекше орны бар Алаш көсемдерінің Отаны – Торғай өңірі тұрғындарының атынан Мемлекет басшысына Орталық – Батыс жол құрылысын бастау туралы тарихи шешім қабылдағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Аталған ­магистраль тәуелсіз еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылатынына, Президентіміздің сарабдал саясатының сәулетті ескерткіші болатынына сенімдіміз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан орнату жолында алға қойып отырған ұлы мақсаттарына жетуіне тілектеспіз және жан-жүрегімізбен қолдау білдіреміз.

Абай МҰҚАНОВ,

Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы,

Жәнібек КЕНЖЕБАЕВ,

«Еуразия Инвест» ЖШС бас директоры,

Манат КАРБОЗОВ,

«Сыма-К» шаруа қожалығының басшысы,

тағы 10 адам қол қойған 

Бөлісу:
Жол бар жерде даму бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар