Аймақтар
1 мин оқу 0

Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасынан заң бұзушылықтар анықталды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, ас дайындайтын қызметкерлердің бірінен стафилококк табылған,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.&nbsp;</p>

Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасынан заң бұзушылықтар анықталды

Ал тағы екі жұмысшы міндетті медициналық тексеруден өтпеген болып шықты.

- Ас үйден алынған 9 сынамадан ішек таяқшасы бактериялары, дайын тағамдардың 6 үлгісінен зиянды микроорганизмдер анықталды. Ал дәнді дақылдар көкөністер қоймасында сақталған. Асханада дымқыл тазалау жүргізілмеген, - дейді департамент басшысы Мұхтар Сербаев.

Ведомство басшысының айтуынша, сараптама қорытындысы сотқа дейінгі тергеу үшін полицияға берілген. Қазір асхана жабық. Бірақ оқушылар оқуын жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасынан заң бұзушылықтар анықталды · Egemen Qazaqstan