Өшпес даңқ
1 мин оқу 0

Ұлан оркестрі Жеңістің мерейтойына орай концерт өткізді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жеңіске 100 күн қалғанда&raquo; акциясы аясында аталған мерейтойға орай Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің оркестрі Қарағандыда концерт өткізді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ұлан оркестрі Жеңістің мерейтойына орай концерт өткізді

Сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылған мерекелік концерт– Жеңіске құрмет пен батырларды дәріптеуді әрі отандастарымызды патриоттық рухпен шабыттандыруды көздеді.

Концертте әскери оркестр екінші дүниежүзілік соғысының әйгілі әндерін орындады. Қала тұрғындары мен қонақтары әрбір өнерпазды жылы қарсы алып, қошемет көрсетті. Оркестрдің кәсіби шеберлігі көрермендерді тәнті етіп, Жеңіске деген мақтаныш сезімін оятты.

Бір сөзбен айтқанда, концерт жастарға патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі болды деуге болады.

Бөлісу:
Ұлан оркестрі Жеңістің мерейтойына орай концерт өткізді · Egemen Qazaqstan