Ән
1 мин оқу 0

Санада сақталған ән

<p style="text-align: justify;">Кейде бір ән ойыңнан шықпай қояды. Ыңылдап, күні бойы айтып жүресің. Ән тыңдап отырмасаң да, есіңде қалған қайырмасы қайта-қайта бейсанада жаңғырып тұрады. Қайда жүрсең де, не істесең де, әлгі әуен шыр айналып кетпей қояды. Осы күй сізге де таныс шығар. Ғалымдар мұны &laquo;құлақтағы құрт&raquo; деп атайды.</p>

Санада сақталған ән

Дарем университетінің зерттеушісі Келли Якубовски бұл құбылысты «еріксіз музыкалық жад» деп түсіндіреді. Яғни адам ән тыңдамаса да, миы сол әуенді қайталай береді. Көбіне мұндай әуендер – бұрыннан таныс, бірнеше рет тыңдалған, сөзі мен ырғағы қарапайым, тез жатталатын әндер болады. Әннің санаға орнығып қалуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, қайталанатын әуен – тез жатталады. Екіншіден, ол ән сіздің көңіл күйіңізбен үйлесіп тұрса, ми оны байланыс ретінде сақтап қояды. Мәселен, көңіліңіз көтеріңкі кезде тыңдаған әнді, жайдарыланып тұрғанда айтып отырасыз. Тағы бір қызық жайт – белгілі бір сөзбен, адаммен, оқиғамен байланысты әндер жиі еске түседі. Осылайша, ми өзі жақсы көретін не үйреніп қалған әуенді қайта-қайта еске түсіріп отырады. Мәселен, «Сағындым Алма­ты­м­ды» деп еріксіз ыңылдап отыр­са­ңыз, әлдебіреу есіңізге түскен шығар. Мұндай сәттерде ән – жай ғана ән емес, жүрек тілін сөй­леткен естелік болуы мүмкін. Кали­форния университетінің зерт­теушісі Мэтт Эванс бұл құ­бы­­­лыс адамның ассоциативтік жады­ның жұмысы екенін айтады. Ғалымдар бұл күйден арыл­­ғыңыз келсе, жаңа ән тыңдау керек дейді. Себебі жаңа ән санадағы ескі әуенді ұмыттырады.

Бөлісу:
Санада сақталған ән · Egemen Qazaqstan