Айсілкініс

<p style="text-align: justify;">Айда да &laquo;жер&raquo; сілкінеді. Ғалымдар бұны &laquo;айсілкініс&raquo; деп атайды.</p>

Айсілкініс

«Ай – тыныш, өлі дене» деген ескі ұғымды «NASA» ғарышкерлері баяғыда жоққа шығарған. 1969–1972 жылдар ара­лығында «Apollo» миссиясы аясында ­Ай бетіне төрт бірдей сейсмограф орна­тыл­ған. Олар бірнеше жыл бойы дерек жинап, таңғаларлық жаңалық ашты. Айда да сілкініс болады екен. Бұл сілкіністердің кейбірі 10 минутқа дейін созылады. Жер сілкінісінен айырмашылығы – Айда ауа да, су да жоқ, сондықтан діріл бірден басылмай, ұзақ уақыт шайқалып тұрады.

Бөлісу:
Айсілкініс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар