«Орман интернеті»
<p style="text-align: justify;">Ағаштар бір-бірімен сөйлеседі деген­ге сенбессіз, бірақ шындық. Ерте­де­ ата-бабаларымыз ағашты тірі жа­ра­­­тылыс деп қарап, онымен сыр­лас­қан. Сөйтсек, бұл жай сенім емес, ғы­лым­мен негізі бар түсі­нік екен.</p>

Қазіргі заман биологтері мен микологтері орман ағаштарының бір-бірімен байланыс жасайтынын дәлелдеді. Олар жер астындағы тамырлар арқылы ғана емес, сол тамырларды орай өскен саңырауқұлақ жіпшелері арқылы ақпарат алмасады. Бұл күрделі жүйе «Wood Wide Web» деп аталады – ағылшынша атауының өзі интернетті еске салады. Мысалы, бір ағашты зиянкестер жауласа, көрші ағаштарға қорғаныс тетігін қосу туралы «ескерту» сигнал жібереді немесе үлкен ағаштар көлеңкедегі жас көшеттерге қоректік заттар беріп көмектеседі.