Өнер
1 мин оқу 0
Димаш Құдайберген жақын күндері Алматыға келетінін айтты
<p style="text-align: justify;">Әлемге аты танылған әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайтынын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
- Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears, - деп жазды ол желіде.
Бұл жаңалықты әнсүйер қауымы қуана қабылдады.
Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда Almaty Astana стадионында қазақстандық әнші "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Аталған іс-шара Димаштың туған күніне орайластырылған.
Бөлісу:
