Саясат
1 мин оқу 0

Тиімді серіктестік

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.</p>

Тиімді серіктестік

Сондай-ақ ұзындығы 768 шақырымды құрай­тын «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақы­рым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожол­дарын реконструкциялау, Сaspi Bitum жол битумын өндіру зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді байланысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы қарым-қатынасты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Бөлісу:
Тиімді серіктестік · Egemen Qazaqstan