Спорт
1 мин оқу 0
Эдуард Ким әртістік жүзуден қола медаль еншіледі
<p style="text-align: justify;">Мысырдағы Хургада шаһарында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Ұлттық құраманың өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады.
Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.
Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.
Бөлісу:
