Аяқ жолын көруге көмектеседі

<p style="text-align: justify;">Шанхай Цзяотун университетінің ғалымдары көру қабілеті нашар адамдарға арналған ерекше құрылғы жасап шығарды.</p>

Аяқ жолын көруге көмектеседі

Көзілдірікке орнатылған камера айналадағы заттарды түсіріп, жасанды интеллект арқылы өңдейді. Әр 250 миллисекунд сайын жүйе пайдаланушыға қайда жүру керектігін құлаққап арқылы айтып отырады. Құрылғының ішінде діріл арқылы ескерту жасайтын білезік пен саусаққа тағылатын «жасанды тері» бар. Сынақ кезінде зағип адамдар лабиринттен 25%-ға тезірек өткен.

Бөлісу:
Аяқ жолын көруге көмектеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар