Ауа райы
1 мин оқу 0

Қазақстанның солтүстік аймақтарында үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қазақстанның солтүстік аймақтарында үсік жүреді

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

«Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады», делінген синоптиктер болжамында.

24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласында 3 градусқа дейін, 22 сәуірде Қарағанды облысында 1 градусқа дейін, 22-23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында 1-8 аязға дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында 1-3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

Бөлісу:
Қазақстанның солтүстік аймақтарында үсік жүреді · Egemen Qazaqstan