Оқиға
1 мин оқу 0

Астана-Петропавл тасжолының бойында өрт болды

<p style="text-align: justify;">Кеше Астана-Петропавл тасжолының бойындағы Обуховка ауылының түбіндегі былтырғы қалың қау мен егісте қалған сабан отқа оранып, осы кезде соққан дауыл жалындаған өртті ауылға қуды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана-Петропавл тасжолының бойында өрт болды

Бұл ауыл қарайтын Тайынша ауданындағы және осы аудандағы үлкен елдімекендердің бірі Келлеровкадағы өрт сөндірушілер қызметі отты сөндіруге шамасы келмей, Петропавлдағы әріптестерін шақыруға мәжбүр болған. Өрттің күштілігі сондай, өртсөндірушілерді көршілес Аққайың ауданы мен Көкшетау қаласынан да шақыруға мәжбүр етті.

Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов өрт сөндіруге аймақтағы шаруашылықтардың күштері де жұмылдырылғанын айтты. «Алапат өрт қызып алған соң ешкімді жақындатпай қойды. Әйтеуір өртсөндірушілердің бірлескен күші ғана жан мен малдың шығынына жол бермей, жеңіп шықты», деді ол.

Бөлісу:
Астана-Петропавл тасжолының бойында өрт болды · Egemen Qazaqstan