Қоғам
1 мин оқу 1,290

Нью-Йорктің беделді заңгері

<p style="text-align: justify;">Бұл күнде шетелдерде білім жетіл&shy;діріп, абыройлы қызмет атқарып жүрген қазақ жастары баршылық. Олардың әрбір жетістігі елімізге зор мерей.</p>

Нью-Йорктің беделді заңгері

Осы орайда тағы бір жерлесімізді елге таныс­тырудың сәті тү­сіп отыр. Біраз жылдан бері әйгілі қаладан өз орнын тап­қан Дамира Ба­тырханқызы Жа­натова Нью-Йорк адвокаттар алқасы құ­рамына енген алғашқы қазақ қызы екенін атап айтқан жөн.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітіріп, БҰҰ-да еңбек жолын шыңдаған отандасымыздың аталған мәртебеге көтерілуі заңгерлік істе дара шығуының нәтижесі. «Талаптыға нұр жауар» деген осы. Жаңаарқаның кешегі түлегі, Нью-Йорктің бүгінгі белді заңгері.

Айқын НЕСІПБАЙ

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Нью-Йорктің беделді заңгері · Egemen Qazaqstan