Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 20
Каскадерлерге арналған марапат
<p style="text-align: justify;">Америкалық киноакадемия 2028 жылдан бастап «Оскар» жүлдесіне жаңа аталым қосатынын хабарлады. Енді үздік каскадерлік жұмыс ресми түрде марапатталады.</p>

Бұған дейін каскадерлерге арнайы «Құрмет жүлдесі» ғана беріліп келген. Мәселен, 1966 жылы Яким Канутт, 2012 жылы Хэл Нидхэм, 2016 жылы Джеки Чан осындай марапат иеленген. Ал жаңа аталым – тұрақты түрде, жыл сайын табысталатын алғашқы марапат болмақ. Бұл шешім көрермендер мен кино мамандары тарапынан жоғары бағаланып отыр. Айтулы жүлде алғаш рет 2028 жылы өтетін 100-«Оскар» салтанатында табысталады. Онда 2027 жылы шыққан фильмдер сарапқа салынады.
Бөлісу: