Қоғам
1 мин оқу 60

ERG компаниясы сатылмайды

<p style="text-align: justify;">Ел ішінде америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның Қазақстан үкіметінің 40% үлесі бар Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын 5 миллиард долларға сатып алғысы келетіні жөнінде хабар тарады. Алайда компания басшылығы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ERG компаниясы сатылмайды

Бұл туралы  Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов ресми түсініктеме берді.

Оның айтуынша, ERG компаниясын сату бойынша ешқандай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Керісінше, топ басшылығы бизнесінің орнықты әрі дәйекті дамуына толықтай бейілді екенін растады. Қалыптасқан бизнес жүргізу тәсілінде ешқандай өзгеріс жоқ.

«2024 жылдың соңында ERG директорлар кеңесі компанияны одан әрі дамытуға, кәсіпорындарына инвестиция салуға бағытталған жаңа стратегияны қабылдаған. Қазіргі уақытта компания осы стратегияны іске асырумен белсенді айналысып жатыр», деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
ERG компаниясы сатылмайды · Egemen Qazaqstan