Шымкент
3 мин оқу 30

Шымкентте сакура гүлдеді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының &laquo;Таза Қазақстан&raquo; бастамасы аясында өңірлерде тазалық акциялары іске асып, көшет егу жұмыстары қарқын алды. Еліміздің Шымкент секілді ірі қалаларында тазалық акциясы ерекше нәтиже берді. Мыңдаған тонна қоқыс шығарылып, арық-атыздар тазаланып, ирригациялық жүйелер қалпына келтіріліп, саябақтар реттелді. Сенбіліктер халықты ортақ іске жұмылдырды. Елдің ұйымшылдығын арттырды. Өскелең ұрпақтың санасына тазалық мәдениетін сіңірді.</p>

Шымкентте сакура гүлдеді

Шымкентте экология әрқашан күн тәр­тібінде бірін­ші тұра­тын мәселе. Зауыт-фа­бри­калардан ауаға тарайтын зиян­ды заттар, көліктерден шығатын түтіндер қаланың тынысын тарылтады. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы билік арнайы қабылданған тұжы­рымдама, бағдарламалар аясында көптеген жұмысты қолға алып жатыр. Соның бірі – ағаш көшет­терін егу, жасыл желек үлесін арттыру. Жаздың күндері шаһарда күн қатты ысиды. Адамдар сондай кезде көле­ңкелеп, демалғысы келеді. Халықтың осы талап-тілегін орындау мақсатында қала әкімдігі қазір жаңадан гүлзарлар, шағын саябақтар салып жатыр.

Бүгінде жасыл желектің жан басына шаққандағы үлесі Шым­кентте бір адамға 3,13 шаршы метрден келеді екен. Әкім­дік бұл көрсеткішті 16 шаршы метрге арттыруды, мегаполисті нағыз жасыл баққа айналдыруды көздеп отыр.

Шымкентте бұрын қылқан­жапырақты талдар көп егілетін. Оның орнын Шынар, Гуджум ағаштары алмас­тырды. Себебі олардан көбі­рек көлеңке түседі, әрі қоршаған ортаға оттегіні мол бөледі. Бүгінде Шымкенттің өзі мен айналасындағы елді мекендерді қосқанда өсіп тұр­ған 6 млн түп ағаш-бұталар бар. Бұл санға жоспар бо­йынша жыл са­йын егілетін 200 мың түп көшетті қосыңыз. Қалада арнайы орман тұқым­бағы бар. Ол жерде 700 мың­нан астам ағаш-бұта көшеттері өсіп жатыр. Орман тұқымбағында 17 түрлі өскінді кездестіруге болады. Былтыр тұқымбақ алқабын күтіп ұстауға мемлекет қазынасынан ­ 127 млн теңге қаражат бөлінді.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының дерегінше, биыл мегаполисте табиғат пен қорша­ған ортаны жақсарту бағытында көптеген жұмыс атқарылады. Шаһардың басты күре жолы саналатын 24 магистралды көше абаттандырылады. «Абай», «Металлург», «Алатау» саябақтарында балалар алаңшалары пайда болады. «Ақсай-Қарабастау» каналының жөндеу жұмыстары басталады. Осының бәрі қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұрын нөсер жауын жау­са шаһардың орталық көшелеріне дейін су басып кететін. Каналдарды тазалап, ирригациялық жүйелерді ретке келтірудің нәтижесінде қазір бұл мәселе біртіндеп шешімін та­уып келеді. Баяғыда қаладағы жалғыз өзен Қошқарата айналасы күл-қоқысқа толып, суы ластанып жататын. Әкімдік осы мәселені де қолға алып, айналасы абаттана бас­т­ады.

А.Асқаров атындағы мем­лекеттік ден­дро­логиялық саябағы – Шым­кент­тің мақтанышы. Қыдырып келген қонақтар қаланың мәдени-қы­зықты орындарын аралау барысын­да міндетті түрде осы саябаққа соқпай кет­пейді. Саябақ сонымен бірге жер­гілікті тұрғындардың күнде­лікті де­ма­латын, серуендейтін орны. Ха­лыққа тигізіп жатқан пайдасы мен қыз­меті орасан екенін білген жер­гілік­ті билік саябақты ерекше күтім мен қамқорлыққа алған. Онда абат­тан­дыру, көгалдандырудан бөлек, ғы­лыми-зерттеу жұмыстары да жүр­гізіледі. Соның арқасында ағаш­тар­дың гендік қоры молайып, сан алуан­ өсімдік әлемі жасарып, жақсарып келеді.

Қызғалдақ гүлі – Шымкенттің символы. Тіпті осыған орай шаһарда әйгілі ескерткіш бой көтерген. Мега­по­листің осы ерекшелігін білдіру мақ­сатында жыл сайын қала билігі гүл­зарлар мен жол жиектеріне, көше бой­ларына көздің жауын алатын қыз­ғал­дақтар егеді. Әкімдік биыл 1,2 млн дана қызғалдақ егіпті. Көктем гүлінің мезгілі өткен соң орнын 1,3 млн дана біржылдық басқа гүлдер басады.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Шымкентте сакура гүлдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар